Көлік оны қағып кетіп, жолға ұшырып жібереді.
ERNUR.KZ. Қостанайда тағы бір көлік жүргізушісі жаттығудан келе жатқан жеткіншекті қағып кетті деп жазады sn.kz.
Жеткіншек велосипедпен жасттығудан шығып, үйіне келе жатады. Автотұрақта кері шегініп жатқан көлікті көріп, оның алдынан өтпек болады. Сонда көлік оны қағып кетіп, жолға ұшырып жібереді. Жүргізуші көлігінен де шықпай кетіп қалады. Бала болса, қорыққанынан орынан тұрып үйіне кеткен.
Әпкесі баланың басынан жарақат алғанын айтады. Жүргізуші қазір іздестіріліп жатыр.