Талдықорған әкімі Дастан Шалтабаевтың үстінен қызметтік тексеру басталды

0
1 036

28 наурызда Алматыда ішінен қару-жарақ, мол ақша табылған Toyota Camry 70 автокөлігі ұсталған болатын.


Талдықорған әкімі Дастан Шалтабаевтың үстінен қызметтік тексеру басталды

ERNUR.KZ. Алматыда доллары мен қаруы бар көліктің жүргізушісі ұсталғаннан кейін Алматы облысында Талдықорған әкімінің үстінен қызметтік тексеру басталды, деп жазады Zakon.kz.

"Талдықорған әкімі Дастан Шалтабаевқа қатысты қызметтік тексеру басталды. Дәл қазір біз көлік иесінің әкіммен туыстығы жайында нақты ештеңе айта алмаймыз. Тексеру қорытындысы бойынша жеке мәлімдеме жасаймыз," – деп мәлімдеді Алматы облысының әкімдігінде.

28 наурызда полиция экипажы Алматының орталық магистральды көшелерінің бірінде ақ түсті Toyota Camry 70 көлігін тоқтатқан. Әлеуметтік желіде көлік иесі әкімнің туысы болуы мүмкін деген ақпарат тарады.

Көліктің алдыңғы терезесінде тонировка болған. Құжат тексеру кезінде жүргізушіде не жүргізуші куәлігі, не көліктің куәліктері болмай шыққан. Куәлігі жоқ жүргізуші бөтен біреудің көлігімен жүрген болып шықты. Оның үстіне, инспекторлар көлікте арнайы қызметтерге арналған арнайы дыбыс және жарық құрылғылары орнатылғанын байқаған. Сасқалақтаған жүргізуші біреумен телефон арқылы сөйлесумен болды. Ал көліктің жүк салғышын ашқанда, оның ішінен "Байкал" травматикалық тапаншасы, оның оқтары, басқа көлікке тіркелген екі тіркеу нөмірі, бір рация және қолданысқа арналмаған 100 долларлық купюралардың бір бумасы табылған.