"Талдықорғанда 12 адамнан коронавирус жұқтырған": Жалған хабарлама таратқан ер адам ұсталды

0
549

Ол жазбаны мас күйінде жазғанын мойындаған.


ERNUR.KZ. "Талдықорғанда 12 адам коронавирус жұқтырды" деген хабарлама таратқан ер адам ұсталды, деп жазады Polisia.kz.

"Мынадай ақпарат келді... Кейін бұл туралы айтатын шығар…Талдықорғанда 12 адамнан коронавирус анықталыпты… Ақпаратты маған сол қарамақта жүрген адам айтты...", – делінген Желіде тараған аудиожазбада.

Полицейлердің мәліметінше, ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ер адамның Талдықорған қаласының 1986 жылғы тұрғыны екені анықталды.

"Ұсталған ер адам өзінің арам ниетін мойындап, 13 сәуірде жазбаны масаң күйде жазғанын айтты. Қазіргі уақытта ұсталған ер адам істеген әрекетіне өкініп, барлық азаматты оның қатесін қайталамауға шақырды", - деді полицейлер.