Қашып кеткен күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған еді.
ERNUR.KZ. Талдықорғанда бұрынғы әйелін аңдып жүріп, жүрек пен мойын тұсынан бірнеше рет пышақтаған ер адам 7 жылға сотталды, деп жазады stan.kz.
Жетісу облысы полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, оқиға биыл 5 қаңтарда болған. Қашып кеткен күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған еді.
"Күдікті Қостанай облысынан табылып, Талдықорғанға жеткізілді. Барлық іс материалы арнайы сот-медициналық сараптама қорытындысымен сотқа жолданды", - делінген Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Айыпталушы ҚР ҚК-нің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айрылды.
Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.