Талдықорғанда ПБ бастығы зорлады деген жәбірленушінің адвокаты мән-жайды айтты

0
509

Күдікті Марат Күштібаев Талдықорған полиция басқармасын 2022 жылдан бері басқарып келеді.


Талдықорғанда ПБ бастығы зорлады деген жәбірленушінің адвокаты мән-жайды айтты

ERNUR.KZ. Талдықорған ПБ бастығының кабинетінде зорландым деген қыздың адвокаты Нұрлан Молбаев оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп жазады tengrinews.kz.

Молбаевтың айтуынша, 12 қарашада учаскелік инспектор қоғамдық тәртіпті бұзды деген айыппен ішкі істер бөліміне 27 жастағы қала тұрғынын әкелген. Анықтау кабинетінде сұрақтарға жауап беріп отырған қызды басқарма бастығының кабинетіне әкелу бұйырылады.

"Қорғауымдағы жәбірленуші бастықтың кабинетіне кірген кезде болған жағдайды айтып, ақтала бастаған. Оны мұқият тыңдаған полиция бастығы көмектесуге уәде берген. "Сендей сұлу қызға хаттама толтырмаймын" деп, қызды ұстап, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Қазіргі уақытта жәбірленуші тиісті сараптамадан өтіп, оқиға орнынан айғақ заттар алынды. Талдықорған қалалық ПБ бастығының кабинетінен қызға тиесілі гигиеналық заттар мен ер адамның жыныстық жасушаларың іздері табылды", - деді жәбірленушінің адвокаты Нұрлан Молбаев.

Қазір күдікті Ескелді ауданындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл оқиғаға қатысты облыстың бас полицейі Атығай Арыстанов пікір білдірді.

Күдікті Марат Күштібаев Талдықорған полиция басқармасын 2022 жылдан бері басқарып келеді. Ол ұзақ жылдар Талғар ауданы, Іле аудандық және облыстық әкімшілік полиция қызметінде қызмет атқарып, 2019 жылы Алматы облысының жергілікті полиция қызметінің басшысы болып тағайындалды. Осы жұмысы барысында басы дауға қалды. Оның қарамағындағыларға дөрекілік танытып, әдепсіз сөздер айтқан аудиожазбасы жұртшылыққа тарап, талқыға түсті. Алайда осы оқиғадан кейін қызметінен босатылған Марат Күштібаев былтыр Жетісу облысының орталығына бас полиция қызметкері болып оралды.

Еске салайық, Талдықорған қалалық ПБ бастығы 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.