Талдықорғанда ЖШС аумағында газ жарылысы болды

0
799

Оқиға салдарынан 1982 жылы туған күзетші зардап шекті.


Талдықорғанда  ЖШС аумағында газ жарылысы болды

ERNUR.KZ. Талдықорған тұрғындары жарылыс болғанын хабарлады. Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 22 қазанда сағат 5:50-де Талдықорғандағы Желтоқсан көшесі бойында, ЖШС аумағында газ жарылысы болғаны туралы хабарлама түскен. Жеке тұрған күзет дүңгіршегінде жарылыс болып, заттардың тұтануы салдарынан нысанның қабырғалары мен төбесі құлаған.

Оқиға салдарынан 1982 жылы туған күзетшінің қолы мен бетін күйік шалған (алдын ала 10-12 пайыз), жағдайы тұрақты.

Газдың шығу себебі анықталып жатыр, оқиға орнында Талдықорған ТЖД және ПБ ЖТТ тергеушілері, сондай-ақ "ҚазТрансГаз Аймақ" газ қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр.