Талдықорғандағы жаңа зауыт Қытайға етті экспорттайды

0
1 075

Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 7 млрд теңгені құрайды.


Талдықорғандағы жаңа зауыт Қытайға етті экспорттайды

ERNUR.KZ. Талдықорғанда құны 7 млрд теңге болатын майлы дақылдарды өңдейтін зауыт пен құны 6 млрд теңгеден асатын ет комбинаты салынады, деп жазады 7kun.kz.

Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, «ТКМЗ» ЖШС (өсімдік майы, шроттар және құрама жем өндіреді) Талдықорғанда майлы дақылдарды өңдейтін зауытты іске қоспақ.

Зауыт құрылысына 92 адам жұмылдырылып, пайдалануға берілгеннен кейін қосымша 110 жаңа жұмыс орны ашылады.

Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 7 млрд теңгені құрайды. Зауыт 2019 жылы пайдалануға берілмек.

Бұдан басқа, Қазақстан-Қытай бірлескен Longyuan Jetysu кәсіпорны биылғы жылы «Талдықорған» индустриялық аймағында ет комбинатын іске қосуды жоспарлап отыр.

«Жобаға ҚХР компаниясы Longyuan қатысады. Комбинатты 250 адам пайдаланады. Бұл — жаңа жұмыс орындарын құру», — деп атап өтті Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы.

Компания ет комбинатын салуға 6 млрд 88 млн теңге жұмсамақ. Жобаның қуаттылығы жылына 16 мың тонна сиыр етін құрайды. Өнім Қытайға экспортталады деп болжануда.

Айта кетейік, «Longyuan Jetysu» ЖШС БК-дағы мал шаруашылығы саласын дамытумен және ауыл шаруашылығын индустрияландырумен айналысатын Қытайдың Longyuan компаниясының үлесі 80%-ды, қазақстандық «Дос-Жетісу» ЖШС үлесі 20%-ды құрайды.