Күдікті өз кінәсін мойындап отыр.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Тараз қаласының автовокзалы маңынан есірткі тасымалдаушы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
- "Көкнар-2019" жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласындағы автовокзал маңында 39 жастағы Павлодар қаласының тұрғынын ұстады. "Бава" атты қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып, тінту жүргізу барысында оның сөмкесінен жалпы салмағы 21 келі 400 грамм "кептірілген марихуана" есірткі заты табылып, тәркіленді. Күдікті өз кінәсін мойындап, Тараз қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.