Тараз маңында көлік аударылды – екі адам көз жұмды

0
984

Subaru Impreza көлігінің 49 жастағы жүргізушісі облыс орталығынан шығып, Айша бибі ауылына бара жатқан.


Тараз маңында көлік аударылды – екі адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында ірі жол апаты болды. Оқиға орнында бір адам қайтыс болды, тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.

Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол апаты бүгін сағат 12:30-да "Тараз – Айша бибі" тас жолында болған. Subaru Impreza көлігінің 49 жастағы жүргізушісі облыс орталығынан шығып, Айша бибі ауылына бара жатқан. Үшінші шақырымда Mercedes-Benz-тен озамын деп, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Ол көліктің жүргізушісі кілт солға бұрылған. Subaru Impreza оны бүйірінен соққан. Содан инерциямын солға қарай ұшып кетіп, Audi-ге соғылғаннан кейін аударылып кеткен.
Subaru Impreza-ның жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Ал онымен бірге болған 21 жастағы жолаушы дереу Тараз қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Бірақ жас жігіт есін жимастан көз жұмды.
Полиция тергеуді бастады. Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет) бойынша іс қозғалды.