Таразда пәтер кезегінде қайтыс болған адамдар тұрғаны анықталды

0
664

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тексеруі қайтыс болған 257 азаматтың пәтер кезегінде тұрғанын көрсетті.


Таразда пәтер кезегінде қайтыс болған адамдар тұрғаны анықталды

ERNUR.KZ. Таразда баспана кезегінде қайтыс болған адамдар тұрғаны анықталды, деп жазады tengrinews.kz.

Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тексеруі қайтыс болған 257 азаматтың пәтер кезегінде тұрғанын көрсетті. Сонымен қатар, екі мыңға жуық адам бойдақтар тізімінде болған, алайда олар некеде.

Кезекте тұрғандардың үш мыңы түрлі жылжымайтын мүлікке иелік етеді, 80-ге жуық адам облыста тіркелмеген, 17-сі басқа елдерде тұрады. Анықталған адамдардың бәрі пәтер кезегіне мемлекеттік қызметкер, мүгедек, жетім және басқа да әлеуметтік осал топ өкілдері ретінде тіркелген. Тексеру жалғасып жатыр.

"Қазірде мониторинг нәтижелері әкімдіктерге жолданды. Ведомствоның араласуы нәтижесінде 1075 адам кезектен шығарылды. Қалған 4650-і бойынша кезектен шығару шаралары жүргізіліп жатыр, яғни, ҚР заңнамасы аясында", - деді Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқармасының аға қызметкері Жәнібек Сұлтанов.