Таразда жарылыстан ауыр жарақат алған тұрғын комадан шықты

0
992

27 ақпан күні көп қабатты тұрғын үйде болған жарылыстан 3 адам оқиға орнында қайтыс болып, 6 адам ауруханаға түскен еді.


Таразда жарылыстан ауыр жарақат алған тұрғын комадан шықты

ERNUR.KZ. Таразда болған жарылыстан ауыр жарақат алып, ауруханада ес-түзсіз жатқан әйел терең комадан шықты, деп жазады «Хабар 24».

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір ол арнайы аппараттың көмегінсіз өздігінен тыныс ала бастаған. Бірақ дәрігерлер науқастың әлі де жағдайы ауыр күйде екендігін айтып отыр. Аида Төлегеноваға бірнеше рет операция жасалды. Ол мамандардың жіті бақылауында.

Естеріңізге сала кетейік, 27 ақпан күні көп қабатты тұрғын үйде болған жарылыстан 3 адам оқиға орнында қайтыс болып, 6 адам ауруханаға түскен еді. Кейін алтаудың бірі 65 жастағы тұрғын жансақтау бөлімінде көз жұмды. Жарылыстың неден болғаны әлі белгісіз. Зерттеу, зерделеу жұмыстары жалғасып жатыр.