Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ERNUR.KZ. Тараз қаласының Жамбыл даңғылы бойында «Volvo» маркалы жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетіп, 58 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты, деп жазады ktk.kz.
Көп ұзамай күдікті автокөліктің жүргізушісі анықталып, ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімеді.
«Оқиға орнында полиция қызметкерлері тексеру амалдарын жүргізуде, тиісті сараптамалар тағайындалды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,-делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі таңда тергеу шаралары полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған.