Тауар өндірушілер бидай мен ұнды шетелге шектеусіз сата алады

0
504

Бүгінгі күні республиканың барлық облысында егін жинау жүріп жатыр.


Тауар өндірушілер бидай мен ұнды шетелге шектеусіз сата алады

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі 14 қыркүйектен бастап бидай пен ұн экспортына шектеулерді алып тастады. Тиісті бұйрыққа ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қол қойды, де жазады sputnik.kz.

Осылайша, Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бидай мен ұнды шетелге шектеусіз сата алады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бидай мен ұн экспортына квота енгізу туралы шешім қабылданған еді.
Алайда әлемдік нарықтағы жағдай тұрақтанғаннан және Қазақстандағы астық өніміне жасалған болжамның оң көрсеткішінен кейін енгізілген квотаны алып тастау туралы шешім қабылданды.
Бүгінгі күні республиканың барлық облысында егін жинау жүріп жатыр.
Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта елімізде 11,3 млн га астық жиналды - бұл жоспардың 69,8%. 12 ц/га орташа өнімділікте 13,5 млн тонна астық бастырылды (2021 жылы бұл уақытта орташа өнімділік 8,9 ц/га құраған болатын).