Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің жаңа моделін енгізуді 3 кезеңде жүзеге асыру көзделіп отыр

0
1 319

Бірінші кезекте, қазіргі жағдайда ТМККК-ны барынша нақтылау және оңтайландыру мақсатында басымдықты емес медициналық қызметтерді басым ету және шектеу арқылы ТМККК пакетіндегі медициналық көмектің толық ревизиясы жүргізілетін болады.


Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің жаңа моделін енгізуді 3 кезеңде жүзеге асыру көзделіп отыр

ERNUR.KZ. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет отырысында "Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізімін жетілдіру бойынша шаралар туралы" тақырыбында баяндама жасаған ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді,деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елжан Біртановтің айтуынша Мемлекет Басшысының 2018 жылдың 10 қаңтардағы тапсырмасын орындау шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ТМККК тізімін қалыптастыратын жаңа тәсілдерді және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі (МӘМС) медициналық көмектің пакетін қарастыруды ұсынды.Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының орналастырылған ақпараты бойынша ТМККК қаржыландыру көлемі ағымдағы жылы 923,8 млрд теңгені құрады, оның ішінде медициналық қызметтерді сатып алуда -776,9 млрд теңге».

«Бұлармен қатар, жаңа медициналық қызметтің жаңа жеткізушілері пайда болды. ТМККК қаржыландырудың сақталған көлеміне қатысты медициналық қызметтерді жеткізушілердің саны артты. Ағымдағы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша 1390, яғни былтырғы жылмен (1041) салыстырғанда 349 (немесе 33,5%) есе көп болды», - деді министр.

Сондай-ақ ол, ТМККК-тің аталған моделін енгізуді 3 кезеңде жүзеге асыру болжамдалады.

"Бірінші кезекте, қазіргі жағдайда ТМККК-ны барынша нақтылау және оңтайландыру мақсатында басымдықты емес медициналық қызметтерді басым ету және шектеу арқылы ТМККК пакетіндегі медициналық көмектің толық ревизиясы жүргізілетін болады. Екіншіден, ТМККК -нің жаңа моделін МӘМС-ті енгізумен бірге өрістету. Бұл кезең бір жағынан ТМККК бойынша мемлекет міндеттемелерінің нақты шегін белгілей отырып, МСАК-тың профилактикасына және басымды дамытуға бағытталған саясатты бұдан әрі қамтамасыз етумен, екінші жағынан МӘМС жүйесіне толық ауқымды көшу және одан әрң дамытумен сипатталады. Үшіншіден, медициналық теxнологияларды дамытуды ескере отырып, ТМККК және МӘМС тізімдерін үнемі жаңартып отыру» -деп, толықтырды.

ТМККК- ні жетілдіру бөлігінде келесі ұсынылады:

Динамикалық бақылауға жататын аурулардың санын қысқарту (диспансерлік ауруларды 245-тен 25-ке дейін оңтайландыру, бұл ретте демографияға залал келтіретін аурулар МСАК қолжетімділігін арттыру, МСАК медицина қызметкелеріне кезінде ауыртпалықты төмендету).

Диагностикалаудың ескірген/ тимсіз әдістерін алып тастау (бейінді мамандардың 16 консультациясын, 900 астам КДҚ алып тастау, диагностикалық және зертханалық қызметтерді пайдалануды шектеу.

Науқастар ағымын экономикалық тиімді стационар алмастыратын көмек деңгейіне қайта бөлу (ауруларды басымдықпен стационар алмастыратын көмек деңгейінде емдеу (769/529 диагноз, операция, манипуляция).

«Ұсынылған тәсілдерді қабылдаған жағдайда ТМККК жаңа моделін кезең бойынша енгізуде 3 жылдық бюджетті түзету бойынша қосымша жұмыстар жүргізілетін болады, оның ішінде денсаулық сақтауға кететін мемлекеттік шығындарының бөлігінде»,-деп өз ойын қорытындылады Елжан Біртанов.