"Тек рахмет айтып кетті": Димашты күткен ақтөбеліктер саябаққа сыймай қалды (видео)

0
1 205

Димаш Құдайберген Ақтөбенің 150 жылдығына арналған концерттің тосынсыйы болды.


фото: lenta.inform.kz

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерекелік концертіне Димаш Құдайберген келді. Ұйымдастырушылар отшашу болатын сәтте Димашты концерттің тосынсыйы етпекші болған. Дегенмен, мега-жұлдыздың келетінін алдын ала біліп алған ақтөбеліктер орталық саябаққа сыймай кетті, деп жазады NUR.KZ.

Екі мөлтек ауданның арасын толықтай қамтыған жүз мыңға жуық тұрғын Димашқа барынша құрмет көрсетті.

Ақтөбенің туған күніне арналған гала концертте құттықтау сөз сөйлеген жұлдыз облыс әкіміне алғысын білдіріп, басын иді.

"Сіздердің пейілдеріңізге, ықыластарыңызға шын жүректен алғыс білдіргім келеді. Ақтөбе қаласының 150 жылдығы құтты болсын. Осынау айтулы шараға куәгер болғаным үшін өзімді бақытты санаймын. Сіздерді мерекемен құттықтау үлкен мәртебе. Мұндай сәт туа бермейді. Мен секілді жас балаға құрмет көрсетіп жатқан Оңдасын ағама үлкен рахмет. Аға, рахмет, жасай беріңіздер", - деді Димаш Құдайберген.