Темекі тұқылын ойын алаңына тастаған: Қарасайда әкімдік қызметкеріне қатысты тексеріс басталды (видео)

0
801

Бейәдеп қылық көрсеткен адам Қарасай ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің маманы болып шықты.


Темекі тұқылын ойын алаңына тастаған: Қарасайда әкімдік қызметкеріне қатысты тексеріс басталды (видео)

ERNUR.KZ. Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің маманы желі қолданушылардың наразылығын туғызды, деп жазады ҚазАқпарат.

Желіге тараған видеодан тұрғындардың ер азаматқа шағымын айтып, наразылық білдіріп жатқанын көруге болады. Сол сәтте темегі шегіп тұрған ол темекі тұқылын жерге лақтыра салады.

Тұрғынның бірі оның әрекетіне ашуланып, «балалар алаңына темекі тұқылын лақтырып, этиканы сақтамадың» деп шүйлігеді.

Бейәдеп қылық көрсеткен адам Қарасай ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің маманы болып шықты.

Енді мемлекеттік қызметкерге қандай шара қолданылатыны әзірге белгісіз.


«Осы факті бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің қызметкеріне қатысты қызметтік тексеріс басталды. Оның қорытындысы бойынша тиісті шара қолданылады» деп жауап берді Қарасай ауданы әкімінің баспасөз қызметінен.