Темір жол станциясы бастығы 18 мың доллар пара алды деген күдікпен ұсталды

0
1 118

20 ақпанда күдікті ұсталып, Талдықорған қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды.


Темір жол станциясы бастығы 18 мың доллар пара алды деген күдікпен ұсталды

ERNUR.KZ. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова соңғы екі аптада болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ

Оның айтуынша, Алматы облысы бойынша департаментімен жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ «Алтынкөл» темір жол станция бастығына қатысты парақорлық фактісі анықталған.

«Ол радиациялық нормалар жоғары деңгейінен халық тұтынған тауарларды тасымалдаған вагондардың кедергісіз кіруі үшін сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларынан жалпы сомасы 17,8 мың АҚШ доллары негізінде жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді. 20 ақпанда күдікті ұсталып, Талдықорған қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешім қабылдануда. Тергеу жалғасып жатыр», - деп айтты Жанна Бастарова.

Сондай-ақ, Жанна Бастарова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас директорының орынбасарына қатысты тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

«Оған қатысты «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Павлодар филиалы басшысынан 1 млн теңге сомасындағы пара алды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деді Агенттіктің ресми өкілі.

Бұған дейін Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы басқарма басшысының ЭЦҚ-сын пайдаланып, мердігер мекеменің шотына 414 млн теңгені заңсыз аударғаны хабарланған.