Ер адам қызды тек қолымен ғана емес, шоқпарға ұқсас затпен де ұрған.
ERNUR.KZ. Теміртау тұрғындары нәзік жандыға қатысты зорлық-зомбылықтың куәсі болды. №3 ықшамаудандағы көпқабатты үйдің ауласында белгісіз біреу бойжеткенді ұрып-соғып, одан соң оны көлікке сүйреп мінгізіп, алып кеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Оқиға куәгерінің айтуынша, ер адам қызды тек қолымен ғана емес, шоқпарға ұқсас затпен де ұрған.
«Қорқынышты көрініске тап болдық: Жігіт өзінен қашып кетіп, подъездке кіруге тырысқан бойжеткенді айуандықпен таяқтады. Бірақ есік жабық болды. Қыз ер адамнан тығылып қала алмады. Ал жігіт оны күштеп көлікке отырғызып, алып кетті. Мен нөмірін есімде сақтап қалдым, бірақ әріптерін көре алмадым, көліктің маркасы түсініксіз», - дейді тұрғындардың бірі.
Дереу полицияға қоңырау түсіп, кезекші қызметкер көлік туралы деректер мен оқиға орнын жазып алды.
«Шақыру қабылданды. Бірақ жігіт қызды алып кетті, әрі қарай не істейтінін елестетудің өзі қорқынышты. Байғұс қыздың айқайы оны тоқтата алмады, оны таяқпен ұрып, содан кейін көлікке күштеп отырғызды. Олар есікті сындыра жаздады. Бойжеткен босап шығу үшін сонша тырмысты!»- деді оқиға куәгері.
Жоғарғы қабаттың терезесінен түсірілген суреттен ер адамның жерде жатқан бойжеткенді ұрып жатқанын байқауға болады.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі шақыру келіп түскен соң көлік иесін анықтау жұмыстары басталғанын айтты. Алайда ер адамды жауапкершілікке тарту мүмкін болмаған, өйткені соққының астында қалған әйел арыз жазудан бас тартыпты.
«Хабарлама қабылданды және ақпарат есепке алу кітабына тіркелді. Алайда көп ұзамай әйелден "бұл адамға қарсы шағым түсірмеймін" деген хабарлама келді», - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.
Белгілі болғаны, әйелді өзінің күйеуі ұрып-соққан. Бірақ, ол ауыр жарақат алмағанын алға тартыпты.