Теміртауда қара қар жауды: Экологтар кінәлілерді анықтап жатыр (видео)

0
1 455

Қара қардың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.


Теміртауда қара қар жауды: Экологтар кінәлілерді анықтап жатыр (видео)
ERNUR.KZ. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарын табиғаттың тосын құбылысынан кейін тексеруді бастады, деп жазады Stan.kz.
Бұл туралы ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиев Twitter-де жазды.

"Экология департаменті қаланың табиғат пайдаланушыларының мәліметтерін және өндірістік кәсіпорындардың қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде қоршаған ортаға түсетін лас заттарды төмендету бойынша шараларды орындауын тексереді", - деп жазды Мирзағалиев.

Оның айтуынша, нәтижелер жұртшылыққа жария етіледі.

Қара қардың видеосы Temirtau.city паблигінде Instagram желісінде жарияланды.