Теміртауда жолаушылар отырған автобус жарға құлап кетті: Зардап шеккендер бар

0
813

Автобуста 19 адам болған.


Теміртауда жолаушылар отырған автобус жарға құлап кетті: Зардап шеккендер бар

ERNUR.KZ. Теміртауда жолаушылар отырған автобус жарға құлап, салдарынан бес адам зардап шекті, деп жазады Tengrinews.kz.

Жол апаты 27 мамырда "АрселорМиттал Теміртау" цехінің маңында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 33 жастағы жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, жолдан ұшып кетіп, жарға құлап кеткен. Автобуста 19 адам болған, олардың бесеуі түрлі жарақат алған.

Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.




"Жол апатынан бес адам зардап шекті, төртеуі ауруханаға жеткізілді. Тағы бір адам кейін медициналық көмекке жүгінді. Тағы үш адамның миы зақымданған. Олар медициналық тексерістен өтіп, амбулаторлық ем алу үшін үйлеріне жіберілді", - деді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Өңірлік полицейлер қазіргі уақытта осы жағдай бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты. Қажетті сараптамалар тағайындалды.