Ол қауіпті, дейді анасы.
ERNUR.KZ. Теміртау тұрғыны есірткі алу үшін өзін ұрып, киімдерін сатып жіберетін ұлын түрмеге отырғызуды сұраған, деп жазады NUR.KZ.
Ер адам анасына қол көтеріп, кейде пәтерден қуып та шығады екен. Тамараның вокзалда ұйықтаған күндері де болған.
"Кейде мені үйге кіргізеді. Менен ақша сұраудың да сәтін біледі. Ал ақша бермей қалсам, мені ұрады. Кейде ыдыстарды, жиһаздарды қиратады", - деді Тамара.
Әйелдің полицияға жазған өтінішінен нәтиже болмаған.
Ал ұлы анасының көзінше есірткі дайындауды әдетке айналдырған. Тіпті Тамара бұл есірткіні баласының жергілікті дүкеннен алатынын да біледі.
"Ұлымды көпшіліктен оқшаулайды деп сенемін. Ол қауіпті", - деді Тамара.