ERNUR.KZ. Қазақстанда теміржол қатынасы әлі ашылмайды. Мұндай мәлімдемені ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов жасады, деп жазады Stan.kz.
"Қазіргі таңда теміржол қатынасын қайта жандандыру қарастырылып жатқан жоқ", - деді вице-премьер.
Бұған дейін үкімет басшысының бірінші орынбасары Қазақстанның бірқатар қалаларында әуе қатынасы қайта іске қосылатыны жайлы айтқан болатын. Сөзінше, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан бөлек тағы жеті қалада ұшақтардың қозғалысы басталады екен.