Теннистен Қазақстан құрамасы «Дэвис Кубогының» ширек финалына шыға алмады

0
520

Қазақстан құрамасы топтық турнирде Нидерланды және АҚШ командаларынан 1:2 есебімен жеңілген болатын.


Теннистен Қазақстан құрамасы «Дэвис Кубогының» ширек финалына шыға алмады

ERNUR.KZ. Теннистен Қазақстан құрамасы топтық турнирдің соңғы матчы Ұлыбритания командасымен өткізеді. Ал Нидерланды командасынан жеңілген қазақстандық теннисшілер «Дэвис Кубогының» ширек финалына шыға алмады, деп жазады baq.kz.

Олар D тобының екінші матчында британдарды 2:1 есебімен жеңіп, командалық әлем чемпионатында сегізінші орынға біртабан жақындады.

Матчтың нәтижесіне қарамастан Қазақстан – Ұлыбритания құрамалары 18 қыркүйекте кездеседі. Америкалықтар мен нидерландықтар ширек финалға жолдама алды. Бүгін 17 қыркүйекте екі команда жеке сында топта кім бірінші орын алатынын анықтайды.

Қазақстан құрамасы топтық турнирде Нидерланды және АҚШ командаларынан 1:2 есебімен жеңілген болатын.