Жағдайға салғырт қарағандардың бәрі жазаланады.
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысындағы өрттен қаза тапқан орманшылардың отбасымен кездесу барысында жағдайға салғырт қарағандардың бәрі жазаланатынын мәлім етті, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Министрлік және басқа да тиісті органдар апаттың ауқымы бойынша қате болжам жасаған. Шұғыл шаралар қабылдап, өртті сол жерде өшіруі, кем дегенде оқшаулауы керек еді. Оны істемеген. Жағдайға салғырт қарады, біліктілік танытпады. Барлығы жазаланады», - деді Мемлекет басшысы.