Үкімет отырысынан кейін журналистер премьер-министрдің орынбасарына тек келісімшарт бойынша қызметті қалдырып, мерзімді әскери қызметке шақырудан бас тарту мүмкіндігі туралы сұрады.
ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстан мерзімді әскери қызметтен бас тарту дұрыс емес деп санайды, деп жазады tengrinews.kz.
Үкімет отырысынан кейін журналистер премьер-министрдің орынбасарына тек келісімшарт бойынша қызметті қалдырып, мерзімді әскери қызметке шақырудан бас тарту мүмкіндігі туралы сұрады.
"Менің ойымша, мерзімді әскери қызметтен бас тарту дұрыс емес. Жастар әскери борышын өтеуі керек. Тағы бір мәселе, барлық мүдделі мемлекеттік орган, бірінші кезекте Қорғаныс министрлігі осы жігіттердің бәрінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті", - деп жауап берді Тоғжанов.
Премьер-министрдің орынбасары Отар қаласындағы 25171 әскери бөлімінде әскери борышын өтегенін атап өтті.
"Әртүрлі жағдай болды, сарбаздар қазасы да болды. Ол кезде жалпыға бірдей міндеттеме (міндетті әскери қызмет - еск.) болды, бүгінде ондай міндеттеме жоқ. Қазір барлық қамту небәрі 35 мыңды құрайды, жыл сайын біз қызметке 35 мың баланы жібереміз", - деп жауап берді Тоғжанов.