Оңтүстік Корея басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу үшін Ақордаға келді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёльді қарсы алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оңтүстік Корея басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу үшін Ақордаға келді. Ол Қазақстанда мемлекеттік сапармен жүр.
Дәстүр бойынша резиденцияға екі ел министрлер кабинетінің мүшелері жиналған. Қасым-Жомарт Тоқаев шыққанда рәсімнің ресми бөлігі басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.