Тоқаев: Ақтауда үкіметтік комиссия жұмыс істей бастады

0
584

Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс, деді президент.


Тоқаев: Ақтауда үкіметтік комиссия жұмыс істей бастады

ERNUR.KZ. Құрамында президент әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті, деп жазады sputnik.kz.

"Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді", - деді президент.

Мемлекет басшысының сөзінше, құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу жөнінде тапсырма берілді.

"Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс", - деді президент.