Тоқаев Алматыдағы ұшақ апатынан кейін шұғыл кеңес өткізді

0
1 045

Қазақстан президенті қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетілетінін айтты.


Тоқаев Алматыдағы ұшақ апатынан кейін шұғыл кеңес өткізді

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда болған ұшақ апатына байланысты Ақордада шұғыл кеңес өткізді, деп жазады sputniknews.kz.

Жиында қаза болғандардың рухына бір минут үнсіздік жарияланды.
Президент апаттан көз жұмғандардың туыстарына және зардап шеккендерге қаржылай қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.
"Құрметті әріптестер! Өздеріңізге мәлім, Алматы маңында ұшақ апаты болды. Қазіргі мағлұмат бойынша 12 адам қаза тапты. Біразы зардап шекті. Қазақстан халқының және өзімнің атымнан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтамын. Бұл мәселемен Үкімет айналысады", - деді Тоқаев.