4 адам жаңа дәрежеге ие болған.
Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызмет күніне орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар лауазымды тұлғаларға төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесін берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл жөнінде ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімет таратты.
Атап айтқанда, 4 адам жаңа дәрежеге ие болған.
- Асқар Оразалыұлы Шәкіров - ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары;
- Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджанов - Қазақстанның Грузиядағы Елшісі;
- Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев - Қазақстанның Жапониядағы Елшісі;
- Роман Юрьевич Василенко - Қазақстанның Словакиядағы Елшісі.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысымен бірқатар қазақстандық дипломаттарға кезекті дипломатиялық дәрежелері мен ҚР Президентінің Құрмет грамотасы берілді.