Тоқаев бизнеске жасалған заңсыз кедергінің ауыр қылмысқа жататынын айтты

0
597

Бұл туралы Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының XX съезінде мәлімдеді.


Тоқаев бизнеске жасалған заңсыз кедергінің ауыр қылмысқа жататынын айтты

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысының айтуынша, 2025 жылға қарай бизнес ЖІӨ-нің 35%-ын құра отырып, 4 млн қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз етіледі, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Қазақстан бизнес жүргізуге қолайлы жағдайлар жасалған елдер тобына кіруі тиіс. Бизнеске жасалған кез келген заңсыз кедергі ауыр қылмыс ретінде қаралады», - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, тікелей шетелдік инвестициялар көлемін жылына 30 млрд долларға жеткізу жоспарланған. Сондай-ақ, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіледі.

«Біздің 50 мың азаматымыз, бірінші кезекте, ауылда бизнесін ашуға шағын несие алады, жоспарланған экономикалық бағытты іске асыру 2025 жылға қарай жыл сайынғы өсу қарқынын 5%-дан астам деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Президент жарлығымен Қазақстанда шағын бизнес пен микрокәсіпкерлікті тексеруге 3 жылдық мораторий енгізілді.