Тоқаев: "Дәрігердің еңбекақысы орташа жалақыдан 2,5 есе артық болады"

0
874

Қазақстандық дәрігерлердің айлығы экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе артық болуы керек, деді президент.


Тоқаев:

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңмен көтеруді тапсырды, деп жазады Sputnik Қазақстан.


"Түрлі сала мамандары ішінде ең төмен жалақыны дәрігерлер алады. Үкіметке биылдан бастап дәрігерлердің еңбекақысын кезең-кезеңмен арттыруды тапсырамын. Олардың айлығы экономикадағы орташа жалақыдан екі жарым есе артық болуы керек. Бұл көрсеткішке 2023 жылға қарай қол жеткізу қажет", - деді Тоқаев қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында.

Президент коронавирус пандемиясы бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйесі үшін ауыр сынақ болғанын атап өтті.

"Бұл ахуал елімізде кәсіби дәрігерлердің тапшы екенін анық аңғартты. Бұған еңбекақының аздығы, мамандықтың беделді болмауы, дәрігерлер құқығының қорғалмауы себеп болып отыр", - деді мемлекет басшысы.