Тоқаев: Еліміз ең төмен жалақы мөлшері бойынша айтарлықтай артта қалып отыр

0
1 007

Мемлекет басшысы Қазақстанда азаматтардың табысын арттыру жұмысы тиісті деңгейде шешілмегенін атап өтті.


Тоқаев: Еліміз ең төмен жалақы мөлшері бойынша айтарлықтай артта қалып отыр
ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындардың нақты кірісін арттыру үшін қосымша шаралар қабылдау керек екенін мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
"Азаматтардың табысын арттыру жұмысы тиісті деңгейде шешілген жоқ. Еліміз ең төмен жалақы мөлшері бойынша айтарлықтай артта қалып отыр", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі жеке парақшасында.
Президенттің пікірінше, тұрғындардың нақты кірісін арттыру үшін қосымша шаралар қабылдау керек.
"Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Бұл – экономиканы дамытудың жаңа жолдарын табу, халықтың әл-ауқатын арттыру, мемлекетіміздің әлеуетін толық пайдалану", - деп толықтырды ол.
Мемлекет басшысы мұның бәрін жүйелі түрде және халық алдындағы жауапкершілікті толық сезіне отырып шешу керектігін баса айтты.
Естеріңізге сала кетейік, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Екі жарым сағатқа созылған жиында президент үкіметтің жұмысын сынға алып, маңызды мәлімдемелер жасады. Солардың бірсыпырасын мына жерден оқуға болады.