Тоқаев Қазақстандағы корейлерді қолдауға уәде берді

0
1 105

Қазақстан Президенті ел аумағында тұрғып жатқан корей этностарын дамытуға бұдан ары да жан-жақты қолдау көрсетілетінін баса айтты.


Тоқаев Қазақстандағы корейлерді қолдауға уәде берді

ERNUR.KZ. Қазақстанда ұлты корей 100 мыңнан астам адам тұрады. Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инмен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады zakon.kz.

"Біздің мәдени-гуманитарлық байланыстарымыздың рет-ретімен ілгерлей түсуіне Қазақстанда тұрып жатқан корей ұлтының азаматтары маңызды үлес қосады. Өзіңіз де білетіндей, корейлер Қазақстандағы он ең ірі этностардың қатарына кіреді. 100 мыңнан астам корей тұрып жатыр", – деп атап өтті ҚР Президенті.

Осы ретте Қазақстан Президенті ел аумағында тұрғып жатқан корей этностарын дамытуға бұдан ары да жан-жақты қолдау көрсетілетінін баса айтты.

"Біз өз тарапымыздан, Үкімет тарапынан бауырлас корейлердің ұлттық өзіндік ерекшеліктерін қолдайтын боламыз", – деді Қ.Тоқаев.