Тоқаев Қазақстандағы жаппай митингіге кімдер кінәлі екенін айтты

0
361

Президент Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізілгеннен кейін ахуал біртіндеп түзелетінін атап өтті.


Тоқаев Қазақстандағы жаппай митингіге кімдер кінәлі екенін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жаппай наразылық шеруіне кінәлілерді атады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы президент еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты өткізген кеңесте мәлімдеді.

"Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының артуына байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін үкімет, соның ішінде Энергетика министрлігі, сондай-ақ "Қазмұнайгаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты", - делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Президент Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізілгеннен кейін ахуал біртіндеп түзелетінін атап өтті. Сондай-ақ жағдайды тұрақтандыруға қатысты тапсырмалар берілгенін мәлімдеді.