Тоқаев қазақстандықтар арасында дау тудырған заң жобасына қатысты пікір білдірді

0
2 504

Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасы қоғамда резонанс туғызды.


Тоқаев қазақстандықтар арасында дау тудырған заң жобасына қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дауға айналған тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасы қоғамда резонанс туғызды. Атап айтқанда, қазақстандықтар баланы ұрып-соққаны үшін әке-шешені ата-ана құқығынан айыру нормасына қарсы. Олар заң жобасында ұсынылған кейбір шаралар "репрессивтік" сипатқа ие деп санайды.
Бұдан бөлек, заң жобасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа баратын адамдарға жақындарымен кездесуге 30 күнге тыйым салу ұсынылған. Бір айға берілетін қорғау ұйғарымын шығару туралы шешімді учаскелік полицей өз бетінше қабылдайды.
Айта кетсек, заң жобасы парламент қабырғасында талқыланып жатыр.