Тоқаев мемлекет шекарасын күзетуге қатысты заңға қол қойды

0
701

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


Тоқаев мемлекет шекарасын күзетуге қатысты заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қорғау және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Түзетулер ұлттық қауіпсіздік органдарының басқару қызметін оңтайландырады, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту және арнайы техникалық құралдарды пайдалану арқылы мемлекеттік шекараны күзету мен қорғау жүйесін жетілдіреді деп болжанып отыр.