Тоқаев өңірлік зерттеу орталығын құруды ұсынды

0
264

Бүгін Ақордада Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германия Федералдық канцлерінің кездесуі өтті.


Тоқаев өңірлік зерттеу орталығын құруды ұсынды

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сирек кездесетін металдар бойынша өңірлік зерттеу орталығын құруды ұсынды, деп жазады sputnik.kz.

Бүгін Ақордада Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германия Федералдық канцлерінің кездесуі өтті. Сол жерде Қазақстан президенті Германия компанияларын сирек кездесетін металдарды геологиялық барлау және игеру жұмыстарын бірге жүргізуге шақырды. Ал серіктестік байланыстарды "шикізатты технологияға айырбастау" қағидаты бойынша орнатуға болады.
"Осы орайда HMS Bergbau компаниясының Шығыс Қазақстан облысында литийді игеру және өңдеу бойынша инвестициялық жобаны іске асыруын құптаймыз. Оның құны 500 миллион доллардан асады. Біз еліміздің аумағында бағалы және түсті металдардың кен орнын барлап, игеру үшін германиялық инвесторларға қолайлы жағдай жасауға дайынбыз. Еуропалық серіктестеріміздің қолдауымен Қазақстанның Технологиялық болжау орталығы базасынан сирек кездесетін металдар бойынша өңірлік зерттеу орталығын құрған жөн деп санаймыз", – деді Тоқаев.
Қазақстан көлік-логистика саласындағы байланысты нығайту мәселесіне де баса мән беріп отыр. "Орта дәлізді" одан әрі дамытудың инвестициялық тұрғыдан болашағы зор.
"Қазақстан Global Gateway бағдарламасы аясында "Орта дәлізді" дамыту үшін еуропалық серіктестердің 10 миллиард еуро бөлу туралы шешімін құптайды. Осы бағытты Трансеуропалық көлік желісімен және Global Gateway стратегиясымен ұштастыруда Германия тарапы қолдау көрсетеді деп сенеміз", – дейді президент.
Ал Орталық Азия мен Еуропаның көлік-логистика жүйесін одан әрі интеграциялау тұрғысында Каспий теңізіндегі порттарды жаңғырту жұмыстарының маңызы зор.