9 сәуірде Тоқаев 9 маусымда кезектен тыс Президент сайлау өтетінін мәлімдеп, жарлыққа қол қойды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім қабылдауда Елбасымен ақылдасқанын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгін, 9 сәуірде Тоқаев 9 маусымда кезектен тыс Президент сайлау өтетінін мәлімдеп, жарлыққа қол қойды.
"Осы мәселе бойынша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдастым, Парламенттің екі палатасының спикерлерімен талқыладым, еліміздің премьер-министрімен де талқыладым. Осы шешім жайлы Конституциялық кеңестегілермен де ақылдастым, партия лидерлерімен кездестім. Кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім - маңызды және қажет", - деді Қазақстан Президенті.
Бұл туралы ол республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған үндеуінде айтты.