Тоқаев су тасқынына байланысты гуманитарлық көмек көрсеткен Қырғызстан халқына алғыс айтты

0
7 065

Бұл гуманитарлық көмек екі ел арасындағы шынайы достықты, тілеулестікті және тығыз одақтастық қарым-қатынасты білдіретінін атап өтті.


Тоқаев су тасқынына байланысты гуманитарлық көмек көрсеткен Қырғызстан халқына алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты пен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты бауырлас елдің көрсеткен көмегі үшін Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқына алғыс айтты. Сондай-ақ бұл гуманитарлық көмек екі ел арасындағы шынайы достықты, тілеулестікті және тығыз одақтастық қарым-қатынасты білдіретінін атап өтті.

«Мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз қатынастары барлық бағытта қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Әңгімелесу барысында президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасты. Қырғызстан Президенті жақын арада Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келетінін растады» — делінген хабарламада.