Тоқаев Туды балконға ілуге рұқсат беруді ұсынды

0
800

Қолданыстағы заңнамада туды пайдалануға қатысты шектеулер бар.


Тоқаев Туды балконға ілуге рұқсат беруді ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажеттігін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын", деп жазды Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, қолданыстағы заңнамада туды пайдалануға қатысты шектеулер бар.

"Мысалы, пәтер балконына немесе үй қабырғасына ту ілуге тыйым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет", - деді Тоқаев Twitter парақшасында.