Тоқаевқа үйінен айырылып қалғанын айтқан қостанайлықтың мәселесіне сот пікір білдірді

0
531

Қостанай облысының тұрғыны Шарафутдинов Мемлекет басшысына әкімдік жалған құжат жасап, соның негізінде сот қате шешім шығарып, салдарынан ол үйінен айырылғанын айтқан еді.


Тоқаевқа үйінен айырылып қалғанын айтқан қостанайлықтың мәселесіне сот пікір білдірді

ERNUR.KZ. Президентке жалған құжат салдарынан үйінен айырылып қалғанын айтқан қостанайлықтың мәселесіне қатысты облыстық сот түсініктеме берді, деп жазады tengrinews.kz.

Осыған дейін Қостанай облысының тұрғыны Шарафутдинов Мемлекет басшысына әкімдік жалған құжат жасап, соның негізінде сот қате шешім шығарып, салдарынан ол үйінен айырылғанын айтқан еді.

Қостанай облысының облыстық соты процестің жай-жапсарын айтып берді.

"Негізінен аталған 90 шаршы метр үй В.Маливецке тиесілі болған. Оның екі қызы бар - Е.Шарафутдинова және Л.Бережецкая. 1984 жылы В.Маливец бұл баспананы үлкен қызы Л.Бережецкаяға сыйға тартқан және оны нотариуспен растаған. Дегенмен Л.Бережецкая 1976 жылдан бастап Ресей Федерациясында тұрады. Сотта ол әпкесіне үйде уақытша тұруға рұқсат бергенін растады. Бірақ ол 1991 жылы сот арқылы Е.Шарафутдинова баспанадан шығарды.
Ал 2003 жылы әкесі В.Масливец қайтыс болды. Кейін 2018 жылы Л.Бережецкая үйді мемлекеттік акт арқылы жекеменшік құқығына өткізді.
Е.Шарафутдинова әкесінің Л.Бережецкаяға үй бергені туралы барлық ресми құжаттардың түпнұсқаларымен танысқан, жағдайды біледі. Алайда, ол 2019 жылы Бережецкаяның үстінен арыз түсірді. Яғни, үйді өз меншігіне өткізуді талап етті. Кейін ол арызын қайтарып алды", - деп түсініктеме берді Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Облыстық сот мәліметінше, 2020 жылы Л.Бережецкая үйді Айқадамова есімді азаматшаға 3,5 миллион теңгеге сатқан. Бірақ Е.Шарафутдинова баспананың жаңа иесін үйге кіргізбеген. Сатып алушы тиісінше сотқа жүгінген.

"Бұған дейін құқық қорғау органдары алаяқтық іс-әрекеттер және құжаттарды қолдан жасау дерегі бойынша арыз түсірген адамның ісін мұқият тексерген болатын. Бірақ дәлелдердің расталмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды", - делінген хабарламада.