Тоққа түсіп екі қолынан айырылған баланың отбасына үй беріледі

0
1 072

Бүгінде Дамирдің отбасы мүгедектікке байланысты 135 мың теңге жәрдемақы алады.


Тоққа түсіп екі қолынан айырылған баланың отбасына үй беріледі

ERNUR.KZ. Дамир Фактулин абайсызда ашық тоққа түсіп, мүгекдек болып қалды. Оқиға Ақтөбе облысындағы Шалқар кентінің №2 мектебінің ауласында болды, деп жазады Stan.kz.

Қайғылы іс бойынша айыпталған мектептің шаруашылық жөніндегі орынбасары Айсәуле Шоханова мен электрик Асқар Исатаев айыпталды. Сот оларды кінәсіз деп тапты. Ал, баланың отбасына әкімдік тарапынан үй берілетін болды.

Қайырымдылық науқан ұйымдастырылып, одан түскен 550 мың теңге қаражат Дамирдің отбасына берілді.

«Қамқор» локомотив жөндеу депосының қызметкерлерінің жинаған қаражатына Дамир лагерьге демалуға аттанды.

Өңірлік коммуникация қызметінің мәліметінше, бүгінде Дамирдің отбасы мүгедектікке байланысты 135 мың теңге жәрдемақы алады. Ал, жергілікті әкімдік бұл отбасыға үй беруді жоспарлап отыр.