​Төрт азамат жолда кетіп бара жатқанды жабылып ұрған

0
959

Үсті-басы қан, басы ісіп кеткен оны алғаш көрген туыстары шошып кеткен.


​Төрт азамат жолда кетіп бара жатқанды жабылып ұрған

ERNUR.KZ. Ақтауда төрт ер азамат жолда кетіп бара жатқан жігітті жабылып ұрып тастаған. Бұл оқиға 20 қаңтар күні болған. Соққы алған ер адам ауруханада жатыр, деп жазады sn.kz.

«Досымыз Закир кафенің жанынан өтіп бара жатқан. Сол кезде төрт ер азамат алдынан шығып, оған неше түрлі сұрақтар қоя бастапты. Бір уақытта төртеуі оны жабылып ұрып, телефонын тартып алған», – дейді оның жақындары.

Жәбірленушінің туыстарына ауруханадан сол күні телефон шалып, Закирді ұрып кеткенін хабарлапты.

«Біз оны алғаш көргенде шошып кеттік. Үсті-басы қан, басы ісіп кеткен. Қатты соққыдан көзін аша алмай қалған екен», – дейді туыстары.

Жігітті ұрған төрт азаматты полиция бірден ұстаған. Алайда, көп кешікпей жібере салыпты.

«Олардың үстінен «Қарақшылық» бабы бойынша іс қозғалған. Біреуінен Закирдің телефоны табылды. Бірақ төртеуін де жібере салған. Олар енді жазасыз қала ма деп ойлап отырмыз», – дейді туысқандары.