Травматолог дәрігер өзіне қол жұмсады

0
1 300

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде


Травматолог дәрігер өзіне қол жұмсады

фото:sn.kz.

ERNUR.KZ. Оралда травматолог дәрігер өзіне қол жұмсады деп жазады sn.kz.

Облыстық клиникалық аурухананың дәрігері Ғалымжан Рамазанов 10 қыркүйекте өз үйінде асылып қалған.

«10 қыркүйек күні сағат 21:30-да қаладағы танымал травматолог дәрігер өзіне қол жұмсады», – дейді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Өте өкінішті. Иманды болсын», - деп көңіл айтқан.