Түрмеге «Ассам» шәйының қорабына салынған есірткіні өткізу әрекеті құрықталды

0
1 391

«Ассам» шайының төрт қорабының әрқайсысынан ұялы телефон мен сим-карталар табылған. «Сонымен қатар бірнеше ондаған темекі тексерілді. Көп еңбекті талап еткен жұмыс жемісті аяқталды. 47 дана шылымнан өзіндік иісі бар заттардың орамы табылды


Түрмеге «Ассам» шәйының қорабына салынған есірткіні өткізу әрекеті құрықталды

Ақтаудағы колонияға «Ассам» шайының қорабына жасырып 4 ұялы телефон, сонымен қатар 47 дана шылыммен есірткі заттарын өткізбек болған азаматтың әрекетіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап.

«Маңғыстау облысының тұрғыны сотталушымен қысқа мерзімді кездесуге келген кезінде мекеме әкімшілігі тыйым салынған заттарды заңсыз бергені үшін жауапкершілік бар екендігін ескерткен болатын. Алайда, ол құқық бұзушылыққа жол берді», - деді Маңғыстау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Теймур Гашимов. Оның айтуынша, азық-түлік тағамдарын тексеру барысында «Ассам» шайының төрт қорабының әрқайсысынан ұялы телефон мен сим-карталар табылған. «Сонымен қатар бірнеше ондаған темекі тексерілді. Көп еңбекті талап еткен жұмыс жемісті аяқталды. 47 дана шылымнан өзіндік иісі бар заттардың орамы табылды», - деді департамент басшысы. Ведомство мәліметінше, сот-химиялық сараптама барысында тәркіленген заттардың салмағы шамамен 170 грамм болатын марихуана мен 100 граммға жуық әсері күшті гашиш екендігі анықталды. Жиналған материалдар процессуалды шешім қабылдау үшін Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментіне жіберілді.

Иллюстрациялық сурет