Цемент сұраған: Батыс Қазақстанда пара алды деген күдікпен полицей ұсталды

0
404

Алдын ала ақпарат бойынша тәртіп сақшысы пара ретінде екі тонна цемент алған.


Цемент сұраған: Батыс Қазақстанда пара алды деген күдікпен полицей ұсталды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен полицей ұсталды, деп жазады sputnik.kz.

Бұл фактіні облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Басылымның ақпаратынша, Шыңғырлау ауданында пара алды деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды. Алдын ала ақпарат бойынша тәртіп сақшысы пара ретінде екі тонна цемент алған.

БҚО-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұл ақпаратты растаған жоқ, бірақ жоққа да шығармады.

Ал облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мұндай жағдай шынымен тіркелгенін мәлімдеді.

"Қазір бұл ақпарат тексеріліп жатыр. Тексеріс аяқталғаннан кейін біз қосымша мәлімет береміз. Басқа ақпарат жария етілмейді", - деді полициядағылар.