Туған елге саяхат: 600 жас саяхатшы Қазақстан бойынша турларын аяқтады

0
2 623

Жаздың әр айында, еліміздің алыс бұрыштарынан, сондай-ақ көршілес елдерден келген 200 бала пойызбен тарихи ескерткіштер, заманауи қалалар мен әсем табиғатта саяхаттауға сапарға шығып отырды.


Туған елге саяхат: 600 жас саяхатшы Қазақстан бойынша турларын аяқтады

9 тамыз елордаға биылғы жылғы соңғы саяхатынан балалар туристік пойызы оралды. Осы жазда «Туған елге саяхат» жобасы Қазақстанның түкпір-түкпірінен және көрші елдерден келген 600-ден астам баланы қуантты: балалар өз отандарының тарихи және көрікті жерлерін көруге керемет мүмкіндік алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаздың әр айында, еліміздің алыс бұрыштарынан, сондай-ақ көршілес елдерден келген 200 бала пойызбен тарихи ескерткіштер, заманауи қалалар мен әсем табиғатта саяхаттауға сапарға шығып отырды. Сапар барысында балалар ел жүрегі – Нұр-Сұлтан қаласында болды, тарихи және мәдени Тараз қаласын көрді, Байқоңырдағы ғарыш туралы білім алды, Балқаш көлінде күн батысын тамашалап, өз көздерімен оңтүстік астана – Алматы қаласын көрді.
Пойыздағы сапар барысында балалар бір-бірімен достасып үлгерді, себебі саяxаттың әр күні оларды бірлескен мастер-класстар, спорттық жарыстар, әр қалада би мен флешмобтар күтті.
Елордаға келісімен үшінші кезеңнің қатысушыларына арналып «Жетісу» саябағында маусымның салтанатты жабылуына орай қорытынды концерт ұйымдастырылды. Бұл өз кезегінде «Туған елге саяxат» жобасының биылғы жылғы маусымының аяқталуын білдіреді. Балалар естелік сыйлықтар алып, жоба ұйымдастырушыларымен алған әсерлерімен бөлісіп, өз күштерімен концерт ұйымдастырды.

«Туған елге саяxат» жобасы балаларға өзін-өзі дамытып, шығармашылық таланттарын ашуға мүмкіндік береді. Саяxат барысында пойызда балаларға арналған түрлі үйірмелер жұмыс істеді, бұдан бөлек, олармен арнайы педагогтар жұмыс жасады, олар балаларды Қазақстанның тариxы мен пойыз жүрген жерлердің географиялық ерекшеліктері туралы ақпараттандырып отырды»- дейді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Іргебаев Мирас. Оның айтуынша, осы жылғы маусымның өзіндік ерекшелігі бар, себебі биыл Қазақстанның түрлі өңірінен келген балаларға Ресей, Беларусия, Монғолия және Украина сияқты елдерден келген қатарластары, этникалық қазақ балалары қосылды. Атап өтетіні, балалардың көбі Нұр-Сұлтан қаласына алғаш рет келіп тұр. Ал шетелде тұратын қазақ диаспора балалары өздерінің тариxи Отанын көріп, оның географисы, мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен жақынырақ танысты.
Мәди Абдраxман қатысушылар қатарына шығармашылық байқаудағы жеңісінің арқасында келді.
«Маған бәрінен бұрын аквопарк пен Тараз қаласындағы Қараxан кесенесі ұнады, бәрі керемет, маған бәрі ұнады. Мен саяxат барысында көп достар таптым, география мен тариxтан білімімді жетілдірдім», - деп өз ойымен бөлісті Мәди.
«Туған елге саяxат» балалар туристік пойызы үшін 2019 жылғы маусым Халықаралық балаларды қорғау күні - 1 маусымда басталды. Сол күні елордалық вокзалдан алғашқы пойыз сапарға аттанды.

Естеріңізге сала кетсек, жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорымен жүзеге асырылып жатыр және ол балалардың жан-жақты дамуына, қоршаған әлемге қызығушылықтарын арттыруға, елдің тарихи және сәулет ескерткіштерімен танысып, патриотизмді нығайтуға бағытталған.
Жалпы 2019 жылғы маусымның жоба қатысушылары 600 баланы құрады: «Самұрық-Қазына» АҚ шалғай өңірлерде орналасқан, көпбалалы және толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқан, оқу үлгерімі жақсы өндірістік кәсіпорындары мен зауыт жұмысшыларының 500 баласы, шет мемлекеттерден келген қазақ диаспорасының өкілдерінен 50 бала және шығармашылық байқау қорытындысы негізінде Қазақстан бойынша анықталған жеңімпаз 50 бала кіреді.

Дереккөз: «Samruk-KazynaTrust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының Корпоративтік коммуникациялар департаменті.