Тұңғыш президенттің алғашқы көлігі сатылымға шықты

0
1 445

Көлік 222 млн теңгеге бағаланып отыр.


Тұңғыш президенттің алғашқы көлігі сатылымға шықты

ERNUR.KZ. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы көлігі kolesa.kz сайтында сатылымға шыққан. Көлікті саудаға тараздық азамат шығарған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Автордың жазуынша, Тұңғыш президенттің Mercedes 600 SEL (Sonderschutz) GUARD B7 ел тарихындағы антиквариат көлік.



«Арнайы тапсырыс бойынша Германияда жасалған. Мемлекет басшысына жоғары лауазымды тұлғаларды тасу үшін Mercedes компаниясы өзі жинақтаған. Көлік 1993 жылы жасалған. Басқа көліктерге қарағанда сыртқы қорғанысы бар. Осы сынды көлік Грузия президенті Эдуарду Шеварнадзенің өмірін сақтап қалған. Оның көлігін пулемет пен гранатометпен атқыласа да, президентке зақым келмеген. Дәл осындай көлік Путинде де болды, ол 1,3 млн еуроға сатылды. Бұл көліктің құны 222 млн теңгені құрайды. Алатындар болса, саудаласуға болады», - деп жазылған көліктің сипаттамасында.