​ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу жолдары артты

0
617

Жыл басынан бері өңірде 400-ден астам отбасы баспаналы болды.


​ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу жолдары артты

Өткен жылдың қорытындысымен Түркістан облысы бойынша 1670 отбасы жаңа пәтерде қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өңірде тұрғын үй мәселелерін, оның ішінде алғаш рет жүзеге асып жатқан жалдау ақысын субсидиялау тетіктері туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық жиналыста талқыланды. Атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысқан облыс басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, бақылауға алуды тапсырды.

Түркістан облысы бойынша соңғы мәлімет бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте 50 мыңға жуық отбасы тұр. Түркістан қаласында «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2021 жылдың қорытындысымен, конкурс нәтижесі бойынша 500-ге жуық отбасы тұрғын үй сатып алды. Биыл 200-ден астам пәтердің конкурсы жарияланып, конкурстық процедуралар жүруде.
Ал, «Отбасы банк» АҚ арқылы 2021-2022 жылдар аралығында 1 мыңнан астам пәтер сатылымға шыққан.
Облыста тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялау алғаш рет жүргізілуде. Осы жылы облыстық бюджеттен 500 млн. теңге қаралып, бүгінгі таңға «Отбасы банк» АҚ бірге келісім-шарт түзілді. «Отбасы банкпен» 3635 өтініш қабылданып, тең жартысы мақұлданды. Қалған өнішітер бойынша жұмыстар жалғасуда. Облыстық бюджеттен тұрғын үй жалдау ақысын субсидиялауға 1493 азаматтарға 25 млн. теңге қаржы қаралды. Бағдарлама бойынша жеке баспанаға қол жеткізетін азаматтар саны артпақ.