Түркия мен Мысырдан ұшып келген жолаушылардан коронавирус анықталды

0
1 016

475 жолаушының ПТР-тестілеуі теріс нәтиже көрсетті.


Түркия мен Мысырдан ұшып келген жолаушылардан коронавирус анықталды

13 желтоқсанда Қазақстан аумағына тиісті анықтамасыз ұшып келген 481 жолаушы ПТР-тестілеуден өтіп, нәтижесінде олардың алтауынан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде 2 жолаушы Ыстамбұл – Алматы рейсімен, 4 жолаушы Нұр-Сұлтанға Шарм-эль-Шейх қаласынан (Египет) ұшып келген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

475 жолаушының ПТР-тестілеуі теріс нәтиже көрсетті.

Еске сала кетейік, 13 желтоқсанда Қазақстан аумағына Ұлыбритания, Германия, Мальдив, Мысыр, Түркия, БАӘ, Ресей, Украина, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен 20 халықаралық әуе рейсімен 2 734 жолаушы келген. 2 253 адамда ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болса, 481 адам анықтамасыз келген. Олардың бәрі – Қазақстан азаматтары.